О внесении изменений в решение акима Сартогайского сельского округа Акжаикского района от 5 апреля 2016 года №1 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории части «Заңтөбе» села Жанама Сарытогайского сельского округа Акжаикского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Сартогайского сельского округа Акжаикского района от 5 апреля 2016 года №1 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории части «Заңтөбе» села Жанама Сарытогайского сельского округа Акжаикского района»
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 1 «Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы «Заңтөбе» бөлігіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 20.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2017 105322_156865.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZBM04503
- ЭКБ идентификаторы
- 105322
- Редакция идентификаторы
- 105322_156865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:19
0 Ақжайық ауданы Сарытоғай
ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы
5 сәуірдегі № 1 «Ақжайық ауданы
Сарытоғай ауылдық округі
Жанама ауылының аумағындағы
«Заңтөбе» бөлігіне шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №1 «Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы «Заңтөбе» бөлігіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4324 тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің тақырыбының орыс тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізілуде, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгермейді;
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 1 сәуірдегі №144 ұсынысы
негізінде және ұсақ малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру мақсатында, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізілуде, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгермейді;
көрсетілген шешімнің 3-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізілуде, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгермейді;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».
2 2. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
(Г.Андешова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.