О внесении изменений в постановление акимата города Кентау от 5 октября 2017 года № 267 «Об установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и в пригородном сообщении города Кентау» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 «Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының  2-тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына, 20 бабының 1 тармағының 4) және 6) тармақшаларына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7297 болып тіркелген) сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 «Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4238 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 4 қарашадағы «Кентау шұғыласы» газетінде және 2017 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Кентау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін; Жолаушыларға, егер ол жеке орын алмаса, өзімен бірге жеті жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүру құқығы берілсін және 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру ақысы осы қаулының 1 тармағында белгіленген тарифтің 50 (елу) проценті.».
Тармақ 2
2. Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Басаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Кентау қалалық мәслихатының хатшысы ________________ Т.Балабиев «___»___________2020 жыл