О внесении изменений в постановление акимата города Риддера от 5 июля 2017 года № 612 «О предоставлении помещений кандидатам на договорной основе для встреч с избирателями на период проведения выборов» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 612 «Сайлаулар өткізу кезеңіне сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 612 «Сайлаулар өткізу кезеңіне сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5146 тіркелген, 2017 жылғы 7 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 11 тамызда «Лениногорская Правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Риддер қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысы А. Б. Сағидолдинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін үй-жайлар
Әкімдіктің 2020 жылғы 9 қыркүйегі № 514 қаулысына қосымша Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін үй-жайлар № Елді мекеннің атауы Кандидаттармен кездесулер өткізу орны Мекенжайы 1 Риддер қаласы «№ 9 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Индустриальная көшесі, 15 2 Риддер қаласы «№ 12 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Курек көшесі, 25 3 Риддер қаласы «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ «Оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Семипалатинская көшесі, 10 4 Риддер қаласы «№ 1 мектеп – лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Киров көшесі, 104 5 Риддер қаласы «№ 5 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Владимир Клинк көшесі, 11 6 Риддер қаласы «№ 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қонаев көшесі, 27 7 Риддер қаласы «№ 14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Үшінші ықшамаудан, 23 8 Риддер қаласы «№ 3 Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Төртінші ықшамаудан, 28 9 Риддер қаласы «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Тәуелсіздік даңғылы, 14 10 Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Островский көшесі, 65 11 Үлбі кенті «№ 17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Буровая көшесі, 3 12 Риддер қаласы «№ 16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Толстой көшесі, 24а 13 Үлбі кенті «Риддер қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М. Горький атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Луговая көшесі, 4 14 Лесное ауылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат – колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі Сосновая көшесі, 45а 15 Бутаково ауылы «Риддер қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бутаково ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Целинная көшесі, 33/1 16 Поперечное ауылы «Риддер қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Поперечное ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» Новая көшесі, 1/1