О признании утратившим силу постановления акимата Актюбинской области от 5 марта 2018 года № 105 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» местных исполнительных органов Актюбинской области» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5900 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.