О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 5 февраля 2018 года № 19-3 «О корректировке базовых налоговых ставок земельного налога» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы
№ 19-3 «Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін
түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жариялауға жатады және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.