О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 21 «Об утверждении Типового кодекса корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) Іскерлік әдеп кодексі – директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналының сақтауы үшін міндетті іскерлік әдептің негізгі құндылықтары мен стандарттарын белгілейтін қағидаттар мен қағидалар жиынтығы;»; 226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «226. Мүдделер қақтығысын болғызбаудың, анықтаудың, бағалаудың және реттеудің негізгі қағидаттары директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның Іскерлік әдеп кодексінде бекітіледі. Іскерлік әдеп кодексі корпоративтік құндылықтарды, әдеп қағидаттары мен мінез-құлық стандарттарын, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптарды, сондай-ақ оның ережелерінің сақталмау салдарын айқындайды. Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналы Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтайды.»; мынадай мазмұндағы 23-1-параграфпен толықтырылсын: «23-1-параграф. Іскерлік әдеп және корпоративтік мәдениет 226-1. Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналы: қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтауы, өз қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындауы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы; қызметтік міндеттерін тиімді атқаруы үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруы, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауы; жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы, мемлекеттік тілге және басқа да тілдерге, халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауы; келіссөздер (кездесулер) барысында адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік, шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік танытуы және басқаларға құрмет көрсетуі; ұйымның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі; қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауы; қызметтік дәреже сатысын сақтауы; қызметтік міндеттерін орындау барысында жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес киімнің ресми, ұстамды, іскерлік стилін ұстануы; іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы қажет. 226-2. Лауазымды адамдар іскерлік әдеп талаптары мен мінез-құлық қағидаларының бұзылуына байланысты жағдайларды болғызбайды, анықтайды және шешеді. Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналының құзыретіне сәйкес іскерлік әдеп талаптарын бұзумен байланысты проблемаларға : жағдайды түзету және кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау; заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік сипаттағы пәрменді шараларды қабылдау және/немесе ұсыну; тиісті құрылымдық бөлімшелермен және/немесе органдармен консультациялар өткізу арқылы ден қояды.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі