О внесении изменения в решение Атырауского городского маслихата от 5 июня 2018 года № 228 «Об утверждении регламентов собраний местного сообщества сельских округов города Атырау» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 228 «Атырау қаласының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 228 «Атырау қаласының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне (әрі қарай - шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4183 болып тіркелген, 2018 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін: шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік, құқықтық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (С. Рахимова).
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.