О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 июня 2018 года № 240 «Об утверждении натуральных норм обеспечения ветеринарного контрольного поста, фитосанитарного контрольного поста, а также государственного инспектора по карантину растений, государственного ветеринарно-санитарного инспектора» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ветеринариялық бақылау бекетін, фитосанитариялық бақылау бекетін, сондай-ақ өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ветеринариялық бақылау бекетін, фитосанитариялық бақылау бекетін, сондай-ақ өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17153 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 17 қазандағы № 355 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 240 бұйрығына 3-қосымша Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды қамтамасыз етудің заттай нормалары Р/с № Заттай норманың атауы Өлшем бірлігі Сандық мәндегі нормасы Пайдалану мерзімі, жыл Таралу саласы 1 2 3 4 5 6 Басқа да машиналар мен жабдықтардың тиесілік нормалары 1 Бейнетіркегіш дана 1 7 Әрбір өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспектор мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға 2 Мобильді планшет дана 1 7 Ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын әрбір мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға