О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 5 июля 2018 года № 28-1 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества города районного значения, сельских округов Зайсанского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі «Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 28-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі «Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 28-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-162 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 11 тамызда «Достық» газетінде және 2018 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.»; аталған шешіммен бекітілген «Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінің»: 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Осы Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15630 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.