О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Коксуского района от 5 апреля 2018 года № 29-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района» Күшін жойған
Басқа 0
Көксу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-2
«Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 тіркелген, 2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;»;
«4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.»;
7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 300 айлық есептік көрсеткіш;»;
«5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.»;
7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшаcын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.