О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Сартогайского сельского округа Байганинского района от 5 апреля 2018 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын алу және Байғанин ауданы Сартоғай
ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 3
«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 2-8-05/158 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің Алтай батыр ауылында мүйізді ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
Тармақ 2
2. Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-171 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Ақтөбе облысы Байғанин
ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.