О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 5 марта 2018 года № 38 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауской области», областных исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 38 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 5 наурыздағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3545 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында: 2-тармақтың 12)тармақшасы алынып тасталсын; 5-тармағының екінші абзацы алынып тасталсын; 6-тарауы алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.