О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Миялинского сельского округа Байганинского района от 5 марта 2019 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын алу және Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 2-8-05/75 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің Дияр ауылында орналасқан «Айдос» шаруа қожалығының аумағында түйелер арасынан құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
Тармақ 2
2. Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5987 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 наурызда «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.