О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 5 ноября 2019 года № 1223 «Об утверждении Правил составления прогнозной консолидированной финансовой отчетности по республиканскому бюджету» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №19591 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде 2019 жылғы 19 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігінің, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес ДТ-1РБ нысаны бойынша бюджет құрылымы бойынша деректер тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе), осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес МС-РБ нысаны (бұдан әрі – МС-РБ нысаны) бойынша үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш жөніндегі ақпараттың, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес МЖӘ-РБ нысаны (бұдан әрі – МЖӘ-РБ нысаны) бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша мемлекеттік міндеттемелер жөніндегі ақпараттың, осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес БК-РБ нысаны (бұдан әрі – БК-РБ нысаны) бойынша республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер жөніндегі ақпараттың негізінде жасайды.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомствоның бірінші басшысының және көрсеткіштердің толтырылуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысының қолымен мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін (бұдан әрі – БЭҚАЖ) пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде Тізбенің 1.2, 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15, 1.16, 1.19, 1.21, 1.29 және 1.31-кестелерін, «факті» және «бағалау» бағандарын толтыра отырып, Тізбенің 1.4, 1.11, 1.12, 1.17, 1.22, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27-кестелерін, МЖӘ-РБ нысаны бойынша ақпаратты ұсынады. МЖӘ-РБ нысаны бойынша деректерді қалыптастыруды ведомство бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен түскен ақпарат негізінде жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік міндеттемелерді төлеуді көздейтін ведомствоға тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне қарай МЖӘ-РБ нысаны бойынша ақпаратты БЭҚАЖ пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде ведомствоға ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына ведомствоға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға БЭҚАЖ пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде МС-РБ және БК-РБ нысандарын ұсынады.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Тізбені қалыптастыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) 1.1, 1.2, 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15 және 1.16-кестелердің «факті» бағаны есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің деректері негізінде толтырылады. Тізбенің 1.4, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.17, 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27-кестелерінің «факті» бағаны толтырылмайды. «Факті» бағаны бойынша 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15 және 1.16-кестелері кезеңдер бойынша деректерді салыстыру үшін толтырылады. Тізбе кестелерінің «бағалау» бағаны түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының және/немесе ағымдағы кезеңнің республикалық бюджетінің атқарылуы туралы есептің деректері негізінде толтырылады. 1.1, 1.5 және 1.15-кестелердің «болжам» бағаны «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген) сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау деректері негізінде толтырылады. 1.15, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20, 1.21, 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26, 1.27, 1.28 және 1.29-кестелердің «бағалау» және «болжам» бағандары МК-РБ, МЖӘ-РБ, БК-РБ нысандар деректерін қамтиды; 2) 1.3, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10 және 1.16-кестелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктерімен байланыстырыла отырып, республикалық бюджеттің шығыстары бойынша толтырылады; 3) операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы бойынша 1.4, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14 және 1.17-кестелер 1.1, 1.2, 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15 және 1.16-кестелерден деректерді көшіру жолымен толтырылады; 4) 1.18 және 1.19-кестелерде республикалық бюджет бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есептің көрсеткіштері (тікелей әдіс) қалыптастырылады; 5) 1.20 және 1.21-кестелерде республикалық бюджет бойынша қаржылық қызмет нәтижесі туралы болжамды шоғырландырылған есептің көрсеткіштері қалыптастырылады; 6) активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер бойынша 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27-кестелер 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15 және 1.16-кестелер деректерінің негізінде толтырылады; 7) 1.28 және 1.29-кестелерде республикалық бюджет бойынша қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есептің көрсеткіштері қалыптастырылады; 8) 1.30 және 1.31-кестелерде таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есептің көрсеткіштері қалыптастырылады.»; осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 7, 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірініші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20___ жылғы « » №__ бұйрығына 1- қосымша Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына 7 - қосымша МС-РБ нысан мың теңге р/с № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Ке­зең ба­сын­да­ғы бо­рыш Қары­здар тү­сі­мі Бо­ры­шты өтеу Ба­ғам­дық ай­ыр­ма және өзге де тү­зе­ту­лер Ке­зең со­ңын­да­ғы бо­рыш (3-ба­ған қо­су 4-ба­ған алу 5-ба­ған алу 6-ба­ған қо­су / 7-ба­ған алу) Сый­а­қы со­ма­сы _______ жыл­да рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бас­қа көз­дер­ден есеп­тел­ге­ні тө­ле­у­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің бо­ры­шы, бар­лы­ғы, оның ішін­де: 1.1 іш­кі (бар­лы­ғы, оның ішін­де мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар түр­ле­рі бой­ын­ша және бас­қа­лар) 1.1.1 … 1.2 сырт­қы (бар­лы­ғы, оның ішін­де кре­дит бе­ру­ші­лер бой­ын­ша) 1.2.1 … 2 Мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген бо­рыш бар­лы­ғы, оның ішін­де 2.1 іш­кі 2.2 сырт­қы 3 Мем­ле­кет ке­пі­л­гер­лі­гі бой­ын­ша бо­рыш, бар­лы­ғы оның ішін­де 3.1 іш­кі 3.2 сырт­қы 4 үкі­мет­тік және мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген бо­рыш, мем­ле­кет ке­пі­л­гер­лі­гі бой­ын­ша бо­рыш жиы­ны (1 жол+2 жол+ 3 жол), оның ішін­де: 4.1 іш­кі (1.1-жол+2.1-жол+3.1-жол) 4.2 сырт­қы (1.2-жол+2.2-жол+3.2-жол) Анықтама ретінде: кезеңнің басына теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы ___________, кезеңнің соңына теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы ___________ * Ескертпе: МС-РБ нысаны есепті қаржы жылы (факт) үшін, ағымдағы қаржы жылы (бағалау) үшін, жоспарланатын кезеңнің әрбір жылы (болжам) үшін жеке жасалады
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірініші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20___ жылғы « » №__ бұйрығына 2- қосымша Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына 8 - қосымша мың теңге р/с № Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның ата­уы, шар­ттың нө­мі­рі мен жа­сал­ған және қа­зы­на­шы­лық­та тір­кел­ген кү­ні, тө­лем ке­зе­ңі (кү­ні және жыл­дар­дың жал­пы са­ны) Кон­цес­сия объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лық шы­ғын­дар өте­ма­қы­сы­ның ба­стал­ған жы­лы Мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­ры Шарт бой­ын­ша мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­дің со­ма­сы Өте­ма­қы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­дің және кон­цес­сия объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лық шы­ғын­дар­дың со­ма­сы Ке­зең ба­сын­да­ғы өтел­ме­ген мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­дің қал­ды­ғы _____­жыл үшін мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­ді өте­у­ге тө­лем­дер со­ма­сы Ке­зең со­ңын­да­ғы өтел­ме­ген мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­дің қал­ды­ғы*** Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ба­стал­ған­нан ба­стап тө­лен­ген мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­дің со­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1. Кон­цес­сия шар­тта­ры бой­ын­ша 1.1 Ин­ве­сти­ци­я­лық шы­ғын­дар­ды өтеу Опе­ра­ци­я­лық (пай­да­ла­ну) шы­ғын­дар­ды өтеу ХХХ Өзге де тө­лем­дер ** ХХХ Жиы­ны 1.2 … 100 Х Х Кон­цес­сия шар­тта­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің бар­лы­ғы, оның ішін­де: 101 Х Х Ин­ве­сти­ци­я­лық шы­ғын­дар­ды өтеу 102 Х Х Опе­ра­ци­я­лық (пай­да­ла­ну) шы­ғын­дар­ды өтеу ХХХ 103 Х Х Өзге де тө­лем­дер ** ХХХ 2. Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік шар­тта­ры бой­ын­ша 2.1 ХХХ Ин­ве­сти­ци­я­лық шы­ғын­дар­ды өтеу ХХХ Опе­ра­ци­я­лық шы­ғын­дар­ды өтеу ХХХ Өзге де тө­лем­дер ** ХХХ Жиы­ны ХХХ 2.2 … ХХХ 200 Х Х Өзге де мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік шар­тта­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің бар­лы­ғы, оның ішін­де: ХХХ 201 Х Х Ин­ве­сти­ци­я­лық шы­ғын­дар­ды өтеу ХХХ 202 Х Х Опе­ра­ци­я­лық шы­ғын­дар­ды өтеу ХХХ 203 Х Х Өзге де тө­лем­дер ** ХХХ *Ескертпе: ведомство және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті қаржы жылы үшін (факт), ағымдағы қаржы жылы үшін (бағалау), қазынашылықта тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша жоспарланатын кезеңнің әрбір жылы үшін (болжам) жеке жасалады. **Ескертпе: өзге төлемдерге инвестициялық және операциялық шығындардың өтемақысын қоспағанда, сыйақылар сомасы, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлем және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес айқындалған өзге де төлемдер енгізіледі. *** Ескертпе: 10-баған бойынша деректерді есептеу: - мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге төлемдерді жүзеге асырудың бірінші жылында концессия шарттары бойынша инвестициялық шығындар өтемақысының деректері тең: 7-баған алу 9-баған; - мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге төлемдерді жүзеге асырудың бірінші жылында концессия шарттары және өзге де мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша операциялық (пайдалану) шығындар мен өзге де төлемдер өтемақысының деректері тең: 6-баған алу 9-баған; - мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге төлемдерді жүзеге асырудың екінші жылы және кейінгі жылдары концессия шарттары және басқа да мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша инвестициялық, операциялық (пайдалану) шығындар мен өзге де төлемдер өтемақысының деректері тең: 8-баған алу 9-баған
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірініші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20___ жылғы « » №__ бұйрығына 3- қосымша Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына 9 - қосымша БК-РБ нысан мың теңге р/с № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы Шарт бой­ын­ша бюд­жет­тік кре­дит­тің со­ма­сы Ке­зең ба­сын­да­ғы негіз­гі бо­ры­штың қал­ды­ғы _____­жы­л­ға бюд­жет­тік кре­дит­тер бе­ру _______ жы­л­ғы өтеу Ке­зең со­ңын­да­ғы негіз­гі бо­ры­штың қал­ды­ғы _____­жыл үшін алу­ға сый­а­қы со­ма­сы есеп­тел­ген алын­ған 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1. Бюд­жет­тік кре­дит­тер, оның ішін­де: 1.1 ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­дар­ға 1.2 жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­ға 1.3 ше­тел мем­ле­кет­те­ріне 1.4 же­ке тұ­лға­лар­ға * Ескертпе: БК-1 РБ нысаны есепті қаржы жылы (факт) үшін, ағымдағы қаржы жылы (бағалау) үшін, жоспарланатын кезеңнің әрбір жылы (болжам) үшін жеке жасалады