О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 5 февраля 2019 года № 32/266 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по Бейнеускому району» Күшін жойған
Басқа 0
Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы № 32/266
«Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 10 маусымдағы №05-10-1070 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. «Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы №32/266 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3818 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
10 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«10. Қалдықтармен жұмыс жасау барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.».
Тармақ 2
2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.