О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 5 ноября 2019 года № 34/367-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары: әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде; әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.