О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 5 ноября 2019 года № 34/367-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
қандастар;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.».
2-тармақ «2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.