О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2019 года № 429 «Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «Б» заместителей Председателя Комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан, руководителей территориальных подразделений и их заместителей» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 5 тамыздағы № 429 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 5 тамыздағы № 429 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында: 1 және 2-бөлімдерде: «Кәсіби құзыреттілігі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: « Кә­сі­би құ­зы­рет­ті­лі­гі стрес­ске ор­нық­ты­лық, ба­ста­ма­шыл­дық, жа­у­ап­кер­ші­лік, қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­ға және оны ха­бар­лан­ды­ру­ға бағ­дар­ла­ну, адал­дық, ын­ты­мақ­та­стық және әре­кет­те­стік, қыз­мет­ті бас­қа­ру, ше­шім қа­был­дау, көш­бас­шы­лық, стра­те­ги­я­лық ой­ла­ну, өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру; мін­дет­ті түр­де «Б» кор­пу­сы­ның А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G са­нат­та­рын­да­ғы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­дар­да неме­се Ті­зі­лім­мен ай­қын­дал­ған «А» кор­пу­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­рын­да, са­я­си мем­ле­кет­тік ла­у­а­зым­дар­да, неме­се құқық қор­ғау неме­се ар­найы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рін­де неме­се мем­ле­кет­тік ор­ган бо­лып та­был­май­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­де, мем­ле­кет­тік емес ме­ке­ме­лер­де, оның ішін­де олар­дың фи­ли­ал­да­рын­да, өкіл­дік­те­рін­де неме­се өзге же­ке­ле­ген құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рін­де, осы са­нат­та­ғы нақ­ты ла­у­а­зым­ның функ­ци­о­нал­дық ба­ғыт­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ла­у­а­зым­дар­да жұ­мыс өті­лі бір жыл­дан кем емес 1. »; 3-бөлімде: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 21-05 біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын: Өл­шем­шар­ттар Та­лап­тар Бі­лі­мі Жо­ға­ры бі­лім, жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім: тех­ни­ка­лық ғы­лым­да­ры мен тех­но­ло­ги­я­лар (био­тех­но­ло­гия және/неме­се ор­га­ни­ка­лық заттар­дың хи­ми­я­лық тех­но­ло­ги­я­сы және/неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сы); ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру (ме­ди­ци­на) (фар­ма­ция); құқық (құқық­та­ну); Кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лі­гі стрес­ске ор­нық­ты­лық, ба­ста­ма­шыл­дық, жа­у­ап­кер­ші­лік, қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­ға және оны ха­бар­лан­ды­ру­ға бағ­дар­ла­ну, адал­дық, ын­ты­мақ­та­стық және әре­кет­те­стік, қыз­мет­ті бас­қа­ру, ше­шім қа­был­дау, көш­бас­шы­лық, стра­те­ги­я­лық ой­ла­ну, өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру; мін­дет­ті түр­де «Б» кор­пу­сы­ның А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G са­нат­та­рын­да­ғы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­дар­да неме­се Ті­зі­лім­мен ай­қын­дал­ған «А» кор­пу­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­рын­да, са­я­си мем­ле­кет­тік ла­у­а­зым­дар­да, неме­се құқық қор­ғау неме­се ар­найы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рін­де неме­се мем­ле­кет­тік ор­ган бо­лып та­был­май­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­де, мем­ле­кет­тік емес ме­ке­ме­лер­де, оның ішін­де олар­дың фи­ли­ал­да­рын­да, өкіл­дік­те­рін­де неме­се өзге же­ке­ле­ген құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рін­де, осы са­нат­та­ғы нақ­ты ла­у­а­зым­ның функ­ци­о­нал­дық ба­ғыт­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ла­у­а­зым­дар­да жұ­мыс өті­лі бір жыл­дан кем емес 1. Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі «Б» кор­пу­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры­на үл­гі­лік бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес. Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі Ко­ми­тет­тің ор­та­лық ап­па­ра­ты­ның және аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша қыз­ме­тін үй­ле­сті­ру. Дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы са­ла­сын­да­ғы, сон­дай-ақ ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есірт­кі заттар­дың, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­дың ай­на­лы­мын мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру. Заң­на­ма­ға сәй­кес дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ға ар­нал­ған ба­ға­лар­ды мем­ле­кет­тік рет­те­уді жү­зе­ге асы­ру. Фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, үй­ле­сті­ру және мо­ри­то­рин­гі­леу, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес рұқ­сат ету құ­жат­та­рын бе­ру, олар­дың қол­да­ны­сын тоқ­та­та тұ­ру, сон­дай-ақ олар­дан ай­ы­ру (қай­та­рып алу). Ха­лық­ты және ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын қа­уіп­сіз, ти­ім­ді және са­па­лы дә­рі­лік заттар­мен және ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­ді ұй­ым­да­сты­ру са­ла­сын­да­ғы үй­ле­сті­ру­ді және мем­ле­кет­тік бас­қа­ру­ды жү­зе­ге асы­ру. Фар­ма­цев­ти­ка­лық ин­спек­ци­я­ны жү­зе­ге асы­ру. Та­мақ өнім­де­рі­нің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету. Дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің жо­ба­ла­рын әзір­леу бой­ын­ша жал­пы бас­шы­лық. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық және әкім­ші­лік жа­за қол­да­ну ту­ра­лы іс­тер­ді қа­рау. Құ­зы­ре­ті­нің ше­гін­де же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін қа­рау және олар бой­ын­ша қа­жет­ті ша­ра­лар­ды қа­был­дау. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес өзге де мін­дет­тер­ді орын­дау. »; «5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (34 бірлік), №№ 21-23-2, 21-24-2, 21-25-2, 21-26-2, 21-27-2, 21-28-2, 21-29-2, 21-30-2, 21-31-2, 21-32-2, 21-33-2, 21-34-2, 21-35-2, 21-36-2, 21-37-2, 21-38-2, 21-39-2, 21-23-3, 21-24-3, 21-25-3, 21-26-3, 21-27-3, 21-28-3, 21-29-3, 21-30-3, 21-31-3, 21-32-3, 21-33-3, 21-34-3, 21-35-3, 21-36-3, 21-37-3, 21-38-3, 21-39-3» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (31 бірлік), №№ 21-23-2, 21-24-2, 21-25-2, 21-26-2, 21-27-2, 21-28-2, 21-29-2, 21-30-2, 21-31-2, 21-32-2, 21-33-2, 21-34-2, 21-35-2, 21-36-2, 21-37-2, 21-38-2, 21-39-2, 21-23-3, 21-24-3, 21-25-3, 21-26-3, 21-27-3, 21-28-3, 21-30-3, 21-31-3, 21-32-3, 21-33-3, 21-34-3, 21-35-3, 21-37-3, 21-39-3»; «7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 21-23-5, 21-24-5, 21-25-5, 21-26-5, 21-27-5, 21-28-5, 21-30-5, 21-31-5, 21-32-5, 21-33-5, 21-34-5, 21-35-5, 21-37-5, 21-39-5» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 21-23-5, 21-24-5, 21-25-5, 21-26-5, 21-27-5, 21-28-5, 21-30-5, 21-31-5, 21-32-5, 21-33-5, 21-34-5, 21-35-5, 21-37-5, 21-39-5, 21-29-3, 21-36-3, 21-38-3».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Ш. Жақселековаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Негіздеме: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Л.В. Бюрабекованың 2020 жылғы 30 наурыздағы № 01-21/047-вн қызметтік жазбасы.