О признании утратившим силу постановления акимата города Алматы от 5 ноября 2019 года №4/605 «Об утверждении коэффициента зонирования, учитывающий месторасположение объекта налогообложения в городе Алматы» Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» 2019 жылғы 5 қарашадағы №4/605 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» 2019 жылғы 5 қарашадағы №4/605 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1595 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.