О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 370/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на технологическое развитие действующих предприятий» Қолданыста
Басқа 0
«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы
5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) цифрлық технологиялар – цифрлық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;»;
9-тармақтың 8) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Грант алушы «Цифрлық технологиялар» басым бағыты бойынша грант алған және грантты игеру мерзімі ішінде тәжірибесін кеңейткен кезде Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне іріктеуден өтуі тиіс.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларына 1-қосымшада:
мына:
«
Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, цифрлық технологиялар
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі