О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427 «О некоторых вопросах Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) реттеушілік саясатты жетілдіруге қатысу;»;
«3-1) қоғамды хабардар ету және салаларды (аяларды) реформалау жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу мақсатында демографиялық өзгерістерді зерделеу;»;
14-тармақта:
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«стратегиялық жоспарлау, реттеушілік саясат, мемлекеттік статистикалық қызмет, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«отандық және шетелдік сарапшылар мен консультанттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;»;
алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«жұмыста жасанды интеллект технологияларын пайдалану;»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
«1-4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша реттеуші құралдарды және (немесе) кәсіпкерлік субъектілері орындауға міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестігіне жүргізілген реттеушілік әсерді бағалау қағидаларын бекіту;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік жоспарлау, реттеушілік саясат және мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) елдің әлеуметтік-экономикалық және институционалдық дамуына бағытталған салаларды (аяларды) және реттеушілік саясатты реформалау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу;
7) елдің дамуына әсер ететін жүйелі қауіп-қатерлерді анықтау мақсатында әлеуметтік-экономикалық, реттеушілік және басқа да салаларға талдау жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4), 7-5), 7-6) және 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) әсерге бағалау жүргізу, реттеушілік талаптар мәселелері бойынша қорытынды дайындау, сондай-ақ оларда жасанды интеллект технологияларын қолдану жөнінде әдіснамалық ұсынымдарды қалыптастыру;
7-2) жасанды интеллект технологияларын, ауқымды деректерді талдауды және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген талдау ақпаратын қолдана отырып жүргізілген реттеушілік әсерді бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға қорытынды беру;
7-3) әкімшілік кедергілерді жою үшін бизнес-процестердің реинжинирингі және оларды оңтайландыру, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
7-4) реттеуші интеллектінің ақпараттық платформасын, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып құру және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
7-5) мемлекет пен қоғамды демографиялық даму туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістер туралы ұлттық баяндаманы дайындау және жыл сайын жариялау;
7-6) жаңа технологияларды пайдалана отырып, демографиялық процестерді талдау мен болжауды қамтамасыз ету және үйлестіру;
7-7) демографиялық процестерге талдау мен болжау жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) елдің дамуын, оның ішінде демографиялық процестерді, халықаралық үрдістерді стратегиялық болжау және оларға талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды әзірлей отырып, әлемдік тәжірибені зерделеу;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
Басшылық
Әдеп жөніндегі уәкіл
Төраға хатшылығы (Қызмет)
Ішкі аудит қызметі
Коммуникация қызметі
Жұмылдыру дайындығы, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі
Адами ресурстарды басқару департаменті
Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаменті
Институционалдық даму департаменті
Реттеушілік саясат және деректерді талдау департаменті
Макроэкономикалық саясат департаменті
Әлеуметтік сала департаменті
Экономика салалары департаменті».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.