О внесении изменений в совместное постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 мая 2020 года № 62 и Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 5 мая 2020 года № 56 «Об утверждении Правил о займах последней инстанции, предоставляемых Национальным Банком Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 62 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 56 бірлескен қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 62 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 56 бірлескен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларда:
10-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1, 8, 14, 15 және 16-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.