О внесении изменения в решение Акжаикского районного маслихата от 5 апреля 2021 года № 3-7 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Акжаикском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 3-7 «Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақжайық аудандық мәслихатының «Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 3-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6942 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларында: 11- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 11
«11. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.