О внесении изменения в решение Кобдинского районного маслихата от 5 января 2021 года № 427 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Кобдинском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қобда аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 427 «Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қобда аудандық мәслихатының «Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 427 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8009 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде: 13 тармақтың 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «9) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.