О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 524 «Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат» Күшін жойған
Басқа 0
«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық аппараты» деген тармақ:
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Р» департаменті:
облыс, қала бойынша департамент, басқарма:
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
басқарма бастығы;
басқарма бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
кіші жедел уәкіл.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тіл саясатын;
халықаралық ынтымақтастық;
бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;
құқықтық қамтамасыз етуді;
құжаттамалық қамтамасыз етуді;
қаржымен қамтамасыз етуді;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру мәселесі болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 22 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.