О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 524 «Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-11-бабына және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында: «1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты» деген тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Криминалдық полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті, «Интерпол» ұлттық орталық бюросы, Жедел басқару орталығы»; мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын: «ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор; аға инспектор;»; мынадай мазмұндағы отыз үшінші абзацпен толықтырылсын: «кезекші бөлімнің жедел кезекшісі;»; «2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген тармақ мынадай мазмұндағы отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтармен толықтырылсын: «Кадр саясаты басқармасы кәсіптік даярлық тобының бас маманы; кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы;»; «3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)» деген тармақ: мынадай мазмұндағы отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор; кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;»; мынадай мазмұндағы алпыс бесінші, алпыс алтыншы және алпыс жетінші абзацтармен толықтырылсын: «Кадр саясаты бөлімі (бөлімше, топ) кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор; кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;»; мынадай мазмұндағы жүз қырық бірінші, жүз қырық екінші және жүз қырық үшінші абзацтармен толықтырылсын: «Кадр саясаты бөлімі (бөлімше, топ) кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор; кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;»; «4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары» деген тармақта: жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және жұмылдыру даярлығы қызметтері»; отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;»; мынадай мазмұндағы елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтармен толықтырылсын: «ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор; аға инспектор; инспектор»; мынадай мазмұндағы жүз жиырма алтыншы және жүз жиырма жетінші абзацтармен толықтырылсын: «кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының аға инспекторы; кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының инспекторы;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.