О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 524 «Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жедел басқарма бастық; бастықтың орынбасары; бөлім бастығы; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; аға жедел уәкіл; жедел уәкіл. Кезекші бөлім бастық; аға инспектор-кезекші; инспектор-кезекші; әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы. Режим, қадағалау және күзет басқармасы бастық; бастықтың орынбасары; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман; аға инспектор, инспектор. Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы бастық; бастықтың орынбасары; бөлім бастығы; бас маман; бас маман-психолог; аға инспектор; инспектор, инспектор-психолог. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастық; бастықтың орынбасары; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; аға жедел уәкіл; жедел уәкіл. Кадр саясаты басқармасы кәсіптік даярлық тобының бас маманы; кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру басқармасы бастық; бастықтың орынбасары; бас маман; аға инспектор; инспектор. Тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы) бастық; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; аға жедел уәкіл; жедел уәкіл. Арнайы есепке алу бөлімі бастық; бас маман; аға инспектор; инспектор. Медициналық қамтамасыз ету бөлімі бөлім бастығы-дәрігер; бас маман-дәрігер; бас маман-мемлекеттік санитариялық дәрігер; аға инспектор-дәрігер; инспектор-дәрігер.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 5 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.