О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 524 «Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарында: 1-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Криминалдық полиция департаменті, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы күштер және жедел басқару департаменті, Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент, «Интерпол» ұлттық орталық бюросы:»; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «департамент бастығының орынбасары (арнайы және кәсіби даярлыққа жетекшілік ететін);»; мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын: «инспектор;»; он жетінші және он сегізінші абзацтар алып тасталсын; отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «ұйымдастыру жұмысын және кадрлық жоспарлауды; қызмет өткеруді ұйымдастыруды; ұйымдастыру-штаттық жұмысты; ведомстволық білім беруді ұйымдастыруды;»; қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды;»; қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «психологиялық жұмысты ұйымдастыруды;»; қырық үшінші абзац алып тасталсын; 2-тармақта: отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма:»; елу үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):» елу төртінші және елу бесінші абзацтар алып тасталсын; елу жетінші және елу сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер; инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.»; 3-тармақта: алпыс жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):»; бір жүз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»; бір жүз оныншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші, бір жүз он үшінші, бір жүз он төртінші және бір жүз он бесінші абзацтар алып тасталсын; бір жүз он жетінші, бір жүз он сегізінші және бір жүз он тоғызыншы абзацтар алып тасталсын; бір жүз қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):»; бір жүз алпыс бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»; бір жүз алпыс алтыншы, бір жүз алпыс жетінші, бір жүз алпыс сегізінші, бір жүз алпыс тоғызыншы және бір жүз жетпісінші абзацтар алып тасталсын; бір жүз жетпіс екінші, бір жүз жетпіс үшінші және бір жүз жетпіс төртінші абзацтар алып тасталсын; 4-тармақта: жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және кәсіби даярлық қызметтері:»; мынадай мазмұндағы отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор; барлық атаудағы аға инспектор; барлық атаудағы инспектор.»; елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтар алып тасталсын; сексен бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жедел басқару орталығы:»; сексен төртінші абзац алып тасталсын; сексен жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;»; тоқсан бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «бас маман;»; мынадай мазмұндағы тоқсан екінші, тоқсан үшінші және тоқсан төртінші абзацтармен толықтырылсын: «аға инженер; инженер; техник.»; тоқсан екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері), криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:»; мынадай мазмұндағы бір жүз он алтыншы, бір жүз он жетінші және бір жүз он сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «бас маман; аға инженер; инженер;»; бір жүз тоқсан бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»; бір жүз тоқсан алтыншы абзац алып тасталсын; бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші және бір жүз тоқсан тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «бас маман – мемлекеттік санитариялық дәрігер; аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер; инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алпыс екінші және алпыс үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.