О внесении изменений в решение Жезказганского городского маслихата от 5 апреля 2021 года № 5/45 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов» Күшін жойған
Басқа 0
Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 5/45 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жезқазған қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 5/45 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6302 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Жезқазған қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 19
сәуірдегі
№ 19/158
шешіміне 1 қосымша
Жезқазған қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 5 сәуірдегі
№ 5/45
шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Тармақ 1
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Тармақ 2
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Басқа 1. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Жезқазған қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 19
сәуірдегі
№ 19/158
шешіміне 2 қосымша
Жезқазған қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 5 сәуірдегі
№ 5/45
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Атауы
1
Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
2
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
3
Толық емес отбасылар.
4
Білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық мамандар;
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері;
мадениет және спорт ұйымдарының профильдік қызметкерлер.