О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-75 «Об утверждении Перечня лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями)» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23885 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар атты 1-бөлімде:
реттік нөмірлері 23 және 24-жолдар алып тасталсын;
Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар атты 3-бөлімде:
реттік нөмірі 1-1-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
1-1
I10- I15
Артериалды гипертензия
Динамикалық байқауда тұрған ересектер
2-4 дәрежелі қауіп; бүйректің созылмалы аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия
Индапамид***, таблетка, капсула
C03BA11
Метопролол***, таблетка
C07AB02
Бисопролол***, таблетка
C07AB07
Амлодипин***, таблетка
C08CA01
Кандесартан***, таблетка
C09CA06
Эналаприл***, таблетка
C09AA02
Периндоприл***, таблетка
C09AA04
Периндоприл диуретиктармен комбинацияда***, таблетка
C09BA04
Фозиноприл***, таблетка
C09AA09
Базалық емнің тиімсіздігімен
Моксонидин***, таблетка
C02AC05
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27-1 және 27-2-жолдармен толықтырылсын
«
27-1
E23.2
Қанттық емес диабет
Динамикалық байқауда тұрған ересектер
Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
Десмопрессин, ауызша лиофилизат; таблетка
H01BA02
27-2
E00-E03, E89.0, Е05, Е20
Гипотиреоз/ Гипертиреоз/ Гипопаратиреоз
Динамикалық байқауда тұрған ересектер
Верификацияланған диагноз. Гипотиреоз Верификацияланған диагноз Гипертиреоз Верификацияланған диагноз Гипопаратиреоз
Левотироксин, таблетка
H03AA01
Тиамазол, таблетка
H03BB02
»;
18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер атты 4-бөлімде:
реттік нөмірі 1-1-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
1-1
I10- I15
Артериалды гипертензия
Динамикалық байқауда тұрған балалар
2-4 дәрежелі қауіп; бүйректің созылмалы аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия
Индапамид***, таблетка, капсула
C03BA11
Метопролол***, таблетка
C07AB02
Бисопролол***, таблетка
C07AB07
Амлодипин***, таблетка
C08CA01
Кандесартан***, таблетка
C09CA06
Эналаприл***, таблетка
C09AA02
Периндоприл***, таблетка
C09AA04
Фозиноприл***, таблетка
C09AA09
Базалық емнің тиімсіздігімен
Моксонидин***, таблетка
C02AC05
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19-2 және 19-3-жолдармен толықтырылсын:
«
19-2
E00-E03, E89.0, Е05, Е20
Гипотиреоз/ Гипертиреоз/ Гипопаратиреоз
Динамикалық байқауда тұрған балалар
Верификацияланған диагноз. Гипотиреоз Верификацияланған диагноз Гипертиреоз Верификацияланған диагноз Гипопаратиреоз
Левотироксин, таблетка
H03AA01
Тиамазол, таблетка
H03BB02
19-3
E23.2
Қанттық емес диабет
Динамикалық байқауда тұрған балалар
Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
Десмопрессин, ауызша лиофилизат; таблетка
H01BA02
»;
сілтеме:
«* жергілікті бюджет қаражаты есебінен
** бұрын помпалық терапияны алған 18 жасқа дейінгі балалар үшін бір өндірушінің шығын материалдары
АХЖ -10-оныншы қайта қараудағы аурулардың халықаралық жіктеуіші
АТХ-анатомиялық-терапиялық-химиялық
ФК-функционалды клас
ЖРВИ-жіті респираторлық вирустық инфекция
ЖПД-жалпы практика дәрігері
АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы»
мындай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* жергілікті бюджет қаражаты есебінен
** бұрын помпалық терапияны алған 18 жасқа дейінгі балалар үшін бір өндірушінің шығын материалдары
*** дәрілік заттар, оның ішінде бірлесіп төлеу тетігін пайдалана отырып қамтамасыз етілуге жататындары
АХЖ -10-оныншы қайта қараудағы аурулардың халықаралық жіктеуіші
АТХ-анатомиялық-терапиялық-химиялық
ФК-функционалды клас
ЖРВИ-жіті респираторлық вирустық инфекция
ЖПД-жалпы практика дәрігері
АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.