О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-77 «Об утверждении предельных цен на торговое наименование лекарственных средств и медицинских изделий в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттардың саудалық атауына арналған шекті бағаларда: реттік нөмірлері 66, 67, 68, 235, 346, 347, 377, 378, 571, 960, 962, 1086, 1087, 1444, 1473, 1565 және 1566-жолдар алып тасталсын; реттік нөмірі 1688-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 1688 Нумета G13E Деректер жоқ Инфузияға арналған эмульсия, 300 мл, №10 B05BA10 ҚР-ДЗ-5 №023536 Контейнер 43851,20 »; реттік нөмірі 1697-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 1697 НуТРИфлекс Липид спешиал Деректер жоқ Инфузияға арналған эмульсия, 1875 мл, №5 B05BA10 ҚР-ДЗ-5 №019247 пакет 13571,00 »; реттік нөмірлері 1719, 1720, 1725, 1726, 1727, 1728, 1729, 1730, 1731, 1732, 1822 және 1823-жолдар алып тасталсын; реттік нөмірі 1894-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 1894 ПК-Мерц Амантадин Инфузияға арналған ерітінді, 200 мг/500 мл, 500 мл, №2 N04BB01 ҚР-ДЗ-5 №014836 құты 6 643,49 »; реттік нөмірлері 2593, 2594 және 2687-жолдар алып тасталсын; реттік нөмірі 2702-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 2702 Холоксан Ифосфамид Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г, №1 L01AA06 ҚР-ДЗ-5 №017038 Құты 14 854,09 »; реттік нөмірлері 2825 және 2826-жолдар алып тасталсын; реттік нөмірі 2873-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 2873 Эрбитукс® Цетуксимаб Инфузияға арналған ерітінді, 5 мг/мл, 20 мл, №1 L01FE01 ҚР-ДЗ-5 №013421 құты 99 347,83 »; реттік нөмірі 2934 - жол мынадай редакцияда толықтырылсын: « 2934 Ципронатин Ципрофлоксацин Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 750 мг, №14 J01MA02 ҚР-ДЗ-5 №025928 таблетка 122,76 ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «БЕКІТІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі _________________ _________________