О внесении изменения в постановление акимата области Абай от 5 июля 2022 года № 1 «О создании и утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима области Абай» Қолданыста
Басқа 0
«Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның ережесін бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның ережесін бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Абай облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы «03» сәуірдегі
№ 57 қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2022 жылғы «05» шілдедегі
№ 1 қаулысына
қосымша
«Абай облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Аппарат) Абай облысы әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы .
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Аппараттың орналасқан жері: индексі 071400, Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі,
8.
Жұмыс режимі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Бес күндік жұмыс аптасы белгіленген. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс, кезекшілік облыс әкімі аппараты басшысының жекелеген актілерімен белгіленеді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже облыс әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Аппараттың қызметін қаржыландыру Абай облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер облыс әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде әкімнің өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) тиісті аумақтың мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлестіре отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) облыстық жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін қамтамасыз ету және жетілдіру;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысының облыстық жүйесін дайындау және жетілдіру;
Тармақша 6
6) құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласы бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) сыртқы байланыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін енгізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың ақпараттық, оның ішінде құпия деректер базасына қолжетімділігі болуы;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын тексеруді ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты бақылау іс-шараларын жүзеге асыру;
Аппараттың бақылауындағы тапсырмалар мен бақылау құжаттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін облыс әкімдігіне және әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
заңнамада белгiленген тәртiппен өзге де мемлекеттiк органдардан, аудандардың, қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан және олардың басшыларынан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
облыс әкімдігінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға;
облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру бойынша талдау жүргізу;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, облыс аудандары әкімдері аппараттарының қызметкерлерін облыс әкімі мен әкімдігі қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға тарту;
облыстың атқарушы органдарының, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарын талдауға;
өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға;
әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау, олардың орындалуын бақылау;
жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген салаларда және жобаларда цифрландыру жобаларын іске асыру;
қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыс әкімінің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ақпараттық даму және халықаралық ынтымақтастық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) дамыту салаларындағы қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және облыс аумағында орналасқан ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Үкіметімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, облыс мәслихатымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдармен бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтар өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) сыртқы экономикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және халықаралық қатынастарды дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және облысты дамытудың тиісті жылға арналған жоспарлары мен бағдарламалары шеңберінде іс-шаралардың орындалуы туралы әкімді хабардар ету;
Тармақша 6
6) әкімнің және әкімдік отырыстарының, қажет болған жағдайда консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету;
Тармақша 7
7) әкімдіктің Регламентіне сәйкес әкімдік қаулыларының, әкім қабылдайтын шешімдер мен өкімдердің, сондай-ақ Аппарат басшысының бұйрықтарының жобаларының қаржылық-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жүргізу, сараптама нәтижелері бойынша қорытындылар (анықтамалар) дайындау;
Тармақша 8
8) әкiмнiң, оның орынбасарларының, Аппарат басшылығының қатысуымен кеңестер ұйымдастыру, отырыстар материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және тарату;
Тармақша 9
9) әкімдік қаулыларының, әкімнің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, әкімдік отырыстарының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша әкімді хабардар ету;
Тармақша 10
10) жергілікті атқарушы органның нормашығармашылық қызметінің тетігін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 11
11) әкімнің тапсырмасы бойынша соттарда әкімнің және әкімдіктің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
Тармақша 12
12) құпия іс жүргізуді, арнайы хабарламаларды, хат-хабарларды өңдеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әкімдік ғимаратында құпиялылық режимін, қолжетімділік және объектішілік режимді қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) мемлекеттік органдардың іс жүргізу талаптарын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру, оның ішінде құпиялық режимін қамтамасыз ету және құпия іс жүргізуді жүргізу жай-күйін кешенді, тақырыптық және бақылау тексерулерін, сондай-ақ қорғаныс құралдары мен баспа-бланк өнімдерін пайдалану;
Тармақша 14
14) Аппарат және әкімдіктің номенклатурасына енгізілген кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу мен енгізуді ұйымдастыру, олардың оқуын, тағылымдамадан өтуін және қайта даярлауын ұйымдастыру арқылы кадр саясатын жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне АКТ және ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ деректер алмасудың халықаралық стандарттарын, АКТ құру, енгізу және пайдалану процестерін енгізу;
Тармақша 16
16) әкімнің және әкімдіктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) облыс аумағында жедел жағдайды талдау және бағалау жүргізу;
Тармақша 19
19) жұмылдыру дайындығы мен облыстың аумақтық қорғанысының жай-күйін талдау;
Тармақша 20
20) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақытында жұмыс істеуге ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) жергiлiктi әскери басқару органдарының бейбiт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдемдесу;
Тармақша 22
22) өңірде гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру.
Облыс әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Облыс әкімінің аппаратын басқаруды облыс әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Облыс әкімінің Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Облыс әкімінің Аппарат басшысының орынбасарлары бар олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Облыс әкімінің аппараты басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені;
Тармақша 4
4) аппараттың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
Тармақша 5
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) қызметтік тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 8
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
Тармақ 21
21. Облыс әкімі аппаратының басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 23
23. Облыс әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 24
24. Облыс әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Облыс әкімінің аппаратына бекітілген мүлік Абай облысының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, облыс әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
Тармақ 27
27. Облыс әкімінің аппаратын қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Аппараттың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Абай облысы әкімі аппаратының «Абай облысы әкімдігінің істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.