О внесении изменений в решение Жанааркинского районного маслихата от 5 апреля 2022 года № 21/148 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Кызылжар Жанааркинского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаарқа ауданының мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/148 «Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/148 «Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: Жаңаарқа ауданның Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасында: 2 тараудағы 3, 7, 8, 10 тармақтары келесі редакцияда мазмұндалсын: «3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге бөлінеді. 7. Кент шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қызылжар кентінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді. 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаарқа ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.