О внесении дополнений в постановление акимата Денисовского района Костанайской области от 5 марта 2022 года № 59 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Денисовского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің: 15-тармағы мынадай мазмұндағы 18), 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын: «18) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен бірге болуға тыйым салынатын орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған жағдайда үй жануарларын серуендетуге арналған орынды жабдықтау; 19) жануарларға арналған баспаналардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын зарарсыздандыру қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру; 20) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;».
Тармақ 2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.