О внесении дополнений в постановление акимата Денисовского района Костанайской области от 5 марта 2022 года № 59 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Денисовского района» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің: 15-тармағы мынадай мазмұндағы 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын: «21) қоммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін бөлуді ұйымдастырады; 22) қоммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады; 23) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді; 24) апатты тұрғын үйді бұзуды ұйымдастырады; 25) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 26) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне тұрғын үйлерді беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 27) коммуналдық тұрғын үйде заңсыз тұратын адамдарды сот тәртібімен көшіру бойынша жұмыс жүргізеді; 28) даму жоспарларын әзірлеу, келісу және орындалуын бақылау бөлігінде ведомстволық бағынысты кәсіпорынның қызметін үйлестіреду даму жоспарларын әзірлеу, келісу және орындалуын бақылау бөлігінде ведомстволық бағынысты кәсіпорынның қызметін үйлестіреді;».
Тармақ 2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.