О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 5 декабря 2023 года № 106 «Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33748 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 26-1- тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының және судьялардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді беруі мен пайдалануы тиісті конституциялық заңдардың тәртібімен және шарттарында қамтамасыз етіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы соты
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі