О внесении дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 5 сентября 2023 года № 2883 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыруды енгізу туралы Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Тармақ 14
14-тармақ келесі мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 5-1
«5-1) әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;».
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамсында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.