О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 5 сентября 2023 года № 2883 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883
«Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
14-тармақтың 5) тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы жұмысты ұйымдастыру;».
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.