О признании утратившим силу приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 мая 2023 года № 327 «Об утверждении перечня химических веществ (сырья) для производства пестицидов, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 327 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 327 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32475 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.