О внесении изменения в решение Аксуского городского маслихата от 5 декабря 2023 года № 71/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №189634 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Павлодар облысының әкімдігі _______________ А. Байханов 2024 жылғы «___»__________
Басқа 3. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 130/19 шешіміне қосымша Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 шешіміне 1 - қосымша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына,Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистика органдарымен еспетелген шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 6
6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 7
7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 8
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 9
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 10
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін Ақсу қаласы әкімінің шешімімен және Ақсу қаласының ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 11
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
Тармақша 2
2) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;
Тармақша 3
3) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
Тармақша 4
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
Тармақша 5
5) 9 мамыр – Жеңіс күні;
Тармақша 6
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
Тармақша 7
7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;
Тармақша 8
8) 1 қазан – Қарттар күні;
Тармақша 9
9) 25 қазан – Республика қүні;
Тармақша 10
10) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Тармақ 6
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне: Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiге;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне: оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге; 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, атап айтқанда: Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға; 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
Тармақша 4
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;
Тармақша 5
5) еңбек ардагерлеріне: Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне; «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған адамдарға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
Тармақша 6
6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға: Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына); 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
Тармақша 7
7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға; зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға; сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға; «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда: он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 9
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға);
Тармақша 10
10) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдарға;
Тармақша 11
11) дулей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға;
Тармақша 12
12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады;
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган кірістерін есепке алмай әлеуметтік көмек көрсетеді:
Тармақша 1
1) атаулы күндер мен мереке күндеріне орай біржолғы әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі: 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде; 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде ; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; 9 мамыр – Жеңіс күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiге 2000000 (екі миллион) теңге сомасында, сондай-ақ 10 АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде ; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60000 (алпыс мың) теңге; Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде; 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде; «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде ; 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне Мемлекеттік корпорацияның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде: он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде; Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 30 (отыз) АЕК мөлшерінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде; 1 қазан - Қарттар күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде; зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде; 25 қазан - Республика күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде; екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде; 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 2
2) кірістерін есепке алмай, біржолғы әлеуметтік көмек: әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үйді жөндеуге 100 (жүз) АЕК мөлшерінде; Мемлекеттік корпорацияның тізімі, Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, мәртебесін растайтын құжатті қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшаның үшінші абзацында, 4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында, 6) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 50 (елу) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға); әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін мүгедіктігі бар баланы санаторийлік-курорттық емделуге еріп жүруге 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде; Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 3 (үш) АЕК мөлшерінде; әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін санаторийлік-курорттық емделуге 10 (он) АЕК мөлшерінде; әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаторийлік-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде; Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында, 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген құжатты (алты айға жарамды), жылжымайтын мүліктің жоқ (немесе бар) екендігі туралы анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде (меншігінде бір тұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарды (отбасын) қоспағанда) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан оған не оның мүлкіне зиян келуіне тап болған азаматтарға (отбасына) 100 (жүз) АЕК мөлшерінде; Ақсу қаласының полиция бөлімі, Ақсу қаласының пробация қызметі ұсынатын тізім негізінде 7-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде қатерлі ісіктері бар адамдарға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде; Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде қант диабетінен зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде балалардың церебралдық параличі ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін адамдарға10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде ревматизм ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде орфандық ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 3
3) кірістерін есепке алмай тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек: әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға); Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, мәртебесін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақтың үшінші абзацында, 4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында, 6) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде (коммуналдык қызметтерге); шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін (гемодиализ емшарасын алушыларға) 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 4
4) кірістерін есепке алмай ай сайынғы әлеуметтік көмек: Үлгілік қағидалардың 12 тармағының 1) тармақшасында, 3) тармақшасының алтыншы абзацында қөрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары мүгедектігі бар адамдар бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады; әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде Ақсу қаласы әкімінің гранты бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде амбулаторлық емделудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін балаларға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгенең төменгі күнкөріс шегінің екі еселеген мөлшерінде;
Тармақша 5
5) кірістерін есепке ала отырып жартыжылдықта 1 рет берілетің біржолғы әлеуметтік көмек: әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде Ақсу қаласы әкімінің гранты бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге, оқуды аяқтағанға дейін нақты оқу ақысының көлемінде.
Тармақ 9
9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар Павлодар облысы әкімдігімен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленді.
Тармақ 10
10. 7 тармақтың 8) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында, 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 11-20 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақсу қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.