О внесении изменений и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 5 декабря 2023 года № 71/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7437-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 8-1 тармақтың жетінші, сегізінші, он бірінші, он үшінші және он төртінші абзацтары жойылсын; 8-1 тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде) зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;»; «Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде эпилепсия ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.