О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 5 сентября 2024 года № 178 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление цифровизации, оказания государственных услуг и архивов Туркестанской области» Қолданыста
Басқа 0
Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 178 «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 178 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» деген қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппараттының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәтіні
Түркістан облысы
әкімдігінің 2026 жылғы
«___» ______________
№ ___ қаулысына
қосымша
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәтіні
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 11
«11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.»;
15-тармақ келесі мазмұндағы 1-1), 1-2), 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 1-1
«1-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 1-2
1-2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасайды;»;
Тармақша 2-1
«2-1) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлейді және орналастырады;»;
21-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 21
«21. Басқармаға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басқарма басшысы басшылық жасайды.»;
23, 24-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 23
«23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.».