О внесении изменений в решение маслихата района Үлкен Нарын от 5 июля 2024 года № 4/21-VIII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Үлкен Нарын» Қолданыста
Басқа 0
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі
№ 4/21-VIII «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/21-VIII «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9055-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы бекітілсін».
көрсетілген шешіммен бекітілген Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидасы»;
Тармақ 6
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді. .
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.