О внесении изменений в решение маслихата района Үлкен Нарын от 5 июля 2024 года № 4/21-VIII «Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в районе Үлкен Нарын» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/21-VIII «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/21-VIII «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9055-16 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: 1-тармақтың 2- абзацы келесі редакцияда жазылсын: «ағымдағы және жинақтау жарналарын;»; 4-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтаушы жарналарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен нормалар шегінде Қағидаға сәйкес есептелінеді."; 6-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына жүгінеді. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»; 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтаушы жарналар шоттары және коммуналдық қызметтерді төлеу шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.