О внесении изменений и дополнения в постановление акимата области Абай от 5 января 2025 года № 1 «Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Абай» Қолданыста
Басқа 0
«Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205685 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесінің қосымшасында:
2 және 3 реттік нөмірдегі жолдар жаңа редакцияда жазылсын;
16-жолмен толықтырылсын:
«
2.
Абай облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
180
300
300
3.
Абай облысының қалалары мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
151
200
200
16.
Өңірлік маңызы бар (Bi) мәселелерді жариялайтын интернет-ресурста бейнеролик дайындау жөніндегі (орналастыру) көрсетілетін қызмет
секунд
500
500
500
».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің орынбасары М. А. Рахановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.