О внесении изменений и дополнения в постановление акимата области Абай от 5 января 2025 года № 1 «Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Абай» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205685 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесінің қосымшасында: 6 реттік нөмірдегі жол жаңа редакцияда жазылсын: « 6. Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi) таңба 118 127 179 ».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің орынбасары М. А. Рахановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.