О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 мая 2025 года № 109 «Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства по Восточно-Казахстанской области на 2025 год» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 109 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9196-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы «17» желтоқсандағы № 305 қаулысына қосымша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 05 мамырдағы № 109 қаулысына қосымша Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері № Субсидиялау түрлері Өлшем бірлігі Субсидияланатын көлем Субсидия сомасы, мың теңге 1. Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары 1.1 Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары килограмм 1 065 458,52 287 673,8 Барлығы: 287 673,8 2. Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін) 2.1 Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық дана 2 035 000 10 175,0 2.2 Албырт тұқымдас шабақ (10 граммға дейін) 1 183 032 29 187,2 Барлығы: 39 362,2 3. Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары 3.1 Балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу дана 3 814,5 Барлығы: 814,5 Жиынтығы: 327 850,5