О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 5 сентября 2025 года № 188 «Об утверждении регламента аппарата акима Мангистауской области» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Маңғыстау облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 05 қыркүйектегі №188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Маңғыстау облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 05 қыркүйектегі №188 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі қосымшасында: 254-тармақтағы мәтін 252-тармаққа; 252- тармақтағы мәтін 253-тармаққа; 253- тармақтағы мәтін 254-тармаққа ауыстырылсын. Көрсетілген қаулының орыс тіліндегі қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы М.С. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.