О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 5 января 2025 года № 506-3 «Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики по городу Астане» Қолданыста
Басқа 0
«Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 506-3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 506-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1400-01 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымшада:
реттік нөмірлері 7, 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
7.
Радиоарнадағы қызмет (ақпараттық бағдарламаны әзірлеу және орналастыру) (Br)
минут
15 000
15 000
15 000
8.
Радиоарнадағы қызмет (аудиороликті әзірлеу және орналастыру) (Br)
секунд
250
250
250
».
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Б. Байкенге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.