Об отмене приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 февраля 2026 года № 43 «О внесении изменений и дополнений в приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 2 июня 2023 года № 199 «Об утверждении Методики определения гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, услуг по перевозке лиц с инвалидностью на инватакси, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №199 және «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 43 бұйрығының күшін жою туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. ««Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №199 және «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 43 бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.